Шетелдіктер өзбек банкоматы арқылы қолма-қол ақшаны шешіп ала алады, деп хабарлады Өзбек телеграф егенттігі (ӨзТАГ).
«(Орталық банкке – ӨзТАГ) 1 шілдеге дейін Өзбекстан банктерінің қауымдастығы және коммерциялық банктермен бірге 1 шілдеге дейін төлем терминалдарының барлық желісінде резидент еместердің төлем картасының қабылдануын қамтамасыз ететін негізгі халықаралық төлем жүйесімен отандық төлем жүйесін біріктіруді аяқтауды тапсырды», — делінген Өзбекстан президентінің «Банк қызметінің қол жетімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысында.
Сондай-ақ, 1 қарашаға дейін Орталық банк коммерциялық банктермен бірге әсіресе туристер көп жүретін жерлерде тәулік бойғы режимде жұмыс жасайтын автоматтандырылған валюта айырбастау пунктін құруды қамтамасыз етеді.
Фото: uzbekiston.site