Кемероводағы адамдардың жаппай өліміне байланысты Ресейде жалпы ұлттық траур жарияланды, деп хабаралды ТАСС.
«РФ президенті Владимир Путин Кемеровадағы өрт салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты 28 наурызда траур жарияланғандығы туралы жарлыққа қол қойды», — деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен сейсенбі күні.
Еске салсақ, 25 наурызда Кемероводағы «Қысқы шие» («Зимняя вишня») сауда-ойын-сауық орталығының 4-қабатында өрт шыққан. Соңғы ақпар бойынша, 64 адам қаза тапқан, 60-тан астам зардап шегуші медициналық мекемеге жүгінген, олардың 15-ін ауруханаларға стационар бөліміне жатқызылды. Қаза тапқандардың 25-нің кім екені анықталды, олардың ішінде 13-і бала.