Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы өкімде:
«1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», — делінген.
Фото: baq.kz.