Ташкент-Шымкент бағытында велошеру ұйымдастырылды

Әз-Наурыз мерекесіне орай, «Қазақстандағы Өзбекстан жылына» арналған халықаралық велошеру басталды. Веложарыс Шымкент әкімінің бастамасымен, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

img-20180324-wa0006

Ташкент-Шымкент бағытындағы бұл велошеруде 130-ға жуық қатысушы бар. Бағыт бойынша 125 шақырымды жүріп өтетін бұл шарада Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және өңіріміздегі Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің басшылары, сондай-ақ Өзбекстанның ресми тұлғалары да қатысты. Қатысушылар  таңғы сағат 06:00-де Шымкенттегі Әл-Фараби алаңынан Ташкент қаласына қарай ат басын бұрған болатын.

img-20180324-wa0005

img-20180324-wa0001

Веломарафонға бауырлас елдің астанасынан, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішінің алдынан шыққан қатысушылар қазіргі уақытта шекарадан асып, Черняевка елді мекенінде аялдады. Көршілес елдің босағасынан бастау алған бүгінгі шара қос мемлекеттің татулығын, бірлігін, ұлтаралық достастығын айқындай түсетін игі бастамалардың бірі болғалы тұр.

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!