70

Қазақстанның футбол құрамасы Венгрияны жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан матчтың алғашқы он минутында екі гол соғылған болатын. Алдымен, Роман Мұртазаев көзге түссе, екінші голды Бақтиер Зайнутдинов соқты.

Ал ойынның 22-минутында Адам Салай өз командасының алғашқы голына «көрімдік» сұрады.

Мұнан соң Станимир Стоилов шәкірттері тағы да көзге түсті. Ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алған «Уфа» футболшысы Еркебұлан Сейдахмет мергендік танытты. «Қазақстандық Месси» атанған Сейдахмет Роман Мұртазаевтың пасын сәтті пайдалана білді.

Екінші таймда венгриялық шабуылшы Кристиан Немет есеп айырмасын тағы бір голға қысқартты. Алайда, сауатты қорғанған қазақстандықтар 2:3 есебін сақтап қалды. Осылайша, бас бапкер Станимир Стоилов өзінің алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!