42

Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатында 11-орында келеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Италияның Милан қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қысқа бағдарламадағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерлесіміз қысқа бағдарламадан 62,38 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады. Бұл Элизабетаның еркін бағдарламада өнер көрсетуіне жол ашты.

Мәнерлеп сырғанаушылардың көшін 80,27 ұпай жинаған италиялық Каролина Костнер бастап келеді. Екінші орында Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, ресейлік Алина Загитова тұр (79,51). Ал үздік үштікті Жапония өкілі Сатоко Мияхира (74,36) түйіндеді.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы еркін бағдарлама 23 наурызда өтеді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!