03

ОҚО-да халық денсаулығын жақсарту мақсатында форум өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «ОҚО тұрғындарының денсаулығын сақтау, нығайту саясатын іске асыру перспективалары» тақырыбында форум өтті. Онда аудан, қала басшылары, облыстық басқармалар, департаменттер, медицина қызметкерлері, спортшылар, арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен өңір тұрғындары жиналды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ж.Түймебаев пен ҚР Қазақ тағамтану академиясының президенті, профессор академик Т.Шарманов арнайы қатысты. Жиында сөз алған өңір басшысы облыста атқырылған шараларды айта келе, 2018 жылды «Денсаулық жылы» деп жариялады.

«Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс» – деп айтқан болатын. Осы мақсатта өңірімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Дене шынықтыру және спортпен айналысуға жасалып барлық жағдай осының дәлелі. Одан бөлек, салауатты өмір салтын нығайту бағытында 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік, кешенді «Саламатты Оңтүстік Қазақстан» жоспары әзірленді. Осы жоба аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «2018 жылды – Денсаулық жылы» деп жариялаймын!», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде ҚР Қазақ тағамтану академиясының президенті салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлт үшін маңыздылығына тоқталды. Ал, бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев халықты сапалы өмір сүруге шақырады.

Айта кетейік, форум барысында облыс әкімі мен қонақтар оқушылардың салауатты өмір салты туралы ойларын қағаз бетіне түсіру сәтін тамашалап, сурет көрмесін аралап көрді. Сондай-ақ, денсаулыққа пайдалы тағамдар, сұлулық тауарлары, оқушылардың, студент жастардың денсаулыққа байланысты ғылыми-тәжірибелік жобаларының көрмесі ұсынылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!