Бүгін алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті.
Облыстық мәслихат мына мәселелер бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясының күн тәртібі мына мәселелер енгізіле отырып, бекітілсін:
Оңтүстік Қазақстан облысы жер инспекциясы басқармасы басшысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі есебі;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебі;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігін қайта атау туралы;
Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы ұсыныстарды Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атауын қайта атау жөніндегі ұсынысты енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 ақпандағы №37/384-IV «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы №18/222-IV «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №18/150-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы №26/282-ІV «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңестің жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы;
Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы ұсыныстар депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына төрағалық еткен мәслихат депутаты Дулат Әбіш өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып шығып, кезекті төрағалықты Түркістаннан сайланған халық қалаулысы Зүппархан Чалдановқа тапсырды.