1521117440

Шымкентте Наурыз мерекесі қалай тойланады

Шымкентте өтетін Әз-Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың бағдарламасы жарияланды. Мекерелік бағдарламаны қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынды.

20 наурыз

1. «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі. Қошқар ата өзенінің бастауы, сағат 11:00-13:00.

2. Мектеп оқушыларының арасында спорт ойындарынан лигалық жарыстар басталады. Қажымұқан атындағы орталық стадион, сағат 12:00.

21 наурыз

1. Жайна Шым — 2018 мерекелік фестивалі. Орталық саябақ, сағат 11:00-18:00.

2. Мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, жаппай серуендер. Абай, орталық, Жеңіс, Наурыз (Сайрам тұрғын алабы) саябақтары, сағат 11:00-15:00.

3. Наурыз мерекесіне орай зообақтың маусымдық ашылуы. Шымкент зообағы, сағат 10:00-18:00.

4. Қала саябақтарындағы субұрқақтар маусымының ашылуы

22 наурыз

1. «With love from Shymkent» қалалық акциясы. Әуежайда қала қонақтарына қызғалдақ гүлін тарату.

2. Ұлттық ат спортынан жарыстар. Орталық ипподром, сағат 10:00-14:00.

3. Наурыз-думан мерекелік шеруі. Бәйдібек би ескерткішінен Наурыз алаңына дейін.

4. «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарасы. Наурыз алаңы, сағат 11:30-15:00.

5. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама. Наурыз алаңы, сағат 18:00-21:30.

6. Мерекелік отшашу. Наурыз алаңы, сағат 21:30.

23 наурыз

1. Наурыз-айтысы. Түркістан сарайы, сағат 11:00.

2. «Nauryz Zhastar Fest» фестивалі. Әл-Фараби алаңы, сағат 10:00-18:00.

24 наурыз

1. «Ashyq Aspan» аэронавтика фестивалі. Орталық ипподром, сағат 10:00-12:30, 18:00-20:30.

2. Ташкент – Шымкент бағытында велошеру.

3. Ретро көліктер көрмесі. Әл-Фараби алаңы, сағат 10:00-19:00.

4 . Жас келіншектердің шеруі.

5. «Shymkent Throwdown — 2018» спорт жарыстары.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!