Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Қаратабан вахталық қалашығында орын алған өрт жайындағы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Бейбіт күнде жеті бірдей атпал азаматтың өмірін қиған қайғлы оқиға бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды.
Марқұмдардың барлығы еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар болатын. Барлығының артында ата-аналары, туыстары мен жұбайлары және жас жеткіншеу ұл-қыздары қалды. Қаза тапқандардың артында қалған отбасылары мен балаларына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі барынша қолдау көрсететінін жеткізгіміз келеді.
Жерлестеріміз, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болған — ЖҮМЕКОВ Самат Бақытбекұлының, ЖҰРЫМБАЕВ Ерлан Әуесханұлының, ДЕМЕУОВ Ерген Қалқұлұлының, ШЫҢҒЫСБАЕВ Мақсат Асқамбекұлының, КЕНЖЕБАЕВ Самат Асарұлының, МОЛДАБЕКОВ Ералы Нұралыұлының және ҚАЛМҰРЗЕВ Нұржан Ерқалиұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмдардың отбасыларына , туған туыстары мен жақындарына, облыс жұртшылығына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ж.ТҮЙМЕБАЕВ
Қ.БАЛАБИЕВ,
Ә.ӨСЕРБАЕВ,
Ә.ТҰРҒЫМБЕКОВ,
Ұ.СӘДІБЕКОВ,
Т.СӘРСЕМБАЕВ,
Е.САДЫР,
Б.ЖАМАЛОВ,
Н.ЖОЛДАСОВ,
Н.САУРАНБАЕВ,
Ө.МЕЛДЕХАНОВ,
Ж.МӘУЛЕНҚҰЛОВ.