«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы бойынша жол картасы әзірленді, деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Энергоминінде мүдделі меморгандарың, Қызылорда, қарағанды облыстарының әкімдіктерінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қатысуымен кеңес өтіп, сол кеңесте жобаны жүзеге асыру бойынша министрлік дайындаан жол картасы әзірленіп, менің төрағалығыммен жұмыс тобы құрылды», — деді Қ. Бозымбаев сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол еске салғандай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 наурыздағы Қзаақстан халқына жолдауы кезінде бір жыл ішінде Қызылорда-Жезқазған-Қарағанда-Теміртау-Астана бағыты бойынша «Сарыарқа» маистральды газ құбырының құрылысы жобасын іске асыруды тапсырған болатын.
«Біріншіден, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша магистралды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді, бекітуді және жер бөлуді қамтамасыз ету. Жауапты орындаушылар — Энергетика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдіктері, «ҚазТрансГаз» АҚ. Мерзімі — 2018 жылдың шілдесі», — деді энергетика министрі.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, екіншіден, халықаралық қаржы институттарының қаражаттарын тарту арқылы жобаны қаржыландырудың сызбасы мен шарттарын анықтау, сонымен қатар «Сарыарқа» газ құбыры арқылы тасымалданатын газ тарифтерін өзгерту жөніндегі мәселелері пысықталған.
«Жауапты орындаушылар — «Бәйтерек» холдингі, Ұлттық экономика, Энергетика, Қаржы министрліктері, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансГаз». Мерзімі — 2018 жылдың маусымы», — деп атап өтті ҚР ЭМ басшысы.
Сонымен қатар магистралды газ құбырын толтыру және тұтынушыларға газ жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары және Астана қаласының әкімдіктеріне газ тарату желілерін жобалауы және құрылысын магистралды газ құбырының аяқталуы уақытымен сәйкестендіруі қажет.
«Бұл жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Барлық жұмыс 2019 жылдың желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс», — деді Қ. Бозымбаев.