Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталығында ортақ салмағы сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді. Бұл – облыс бойынша жыл басынан бері өмірге келген екінші үшем. Бақытты ана Гүлжанат Пердебаеваның енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздың анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген екен. Жас ана үш ұл баланы наурыздың 5 күні ота жасау тәсілімен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, 35 аптада, айы — күні толмай туылған сәбилердің салмағы 2400 грамм, бойы — 45 см, 2600 грамм, бойы — 46 см, 2700 грамм – бойы 48 см екен. Бір аптадан аса уақыттың ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған, дейді дәрігерлер. Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата – әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген ат қойған.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі