224

Маңғыстауда 50 мемлекеттік қызметкер заңбұзушылықтарға жол берген

Биыл Маңғыстау облысының әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметке қатысты 63 мәселені қараған. Нәтижесінде 50-дей маманның әр түрлі заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Долдашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, 13-і мемлекеттік сатып алу тәртібін, 7-уі тұрғын-үй бөлу тәртібін, 3-уі жер мәселесіне қатысты заңбұзушылықтарға жол берсе, 3-уі әдеп кодексі талаптарын сақтамаған. Тағы 3-і мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін бұзған, ал 17-сі басқа да заң бұзушылықтарға жол берген.

«Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері заңбұзушылыққа жол берген 10 адамға «қызметіне толық сәйкес емес» деген ескерту берді. Тағы 2 мемлекеттік қызметкер орнынан босатылды. Олардың бірі пара алу дерегі бойынша тіркелген. Сондай-ақ, 12 қызметшіге әдеп кодексіне сәйкес 8 — ескерту, 2 — «сөгіс», 2 — «қатаң сөгіс» түрінде жазалар қолданылды», — дейді Нұрбол Долдашев.

Кеңес мүшелері өз кезегінде заңбұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істі қарау барысында, олардың қатаң жауапкершілігін қарауды ұсынады. Себебі 2016 жылдары өрескел заң бұзушылықтар болған. Мәселен, Құрық селосынан қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 51 жер телімін заңсыз берген азаматқа қатысты іс қозғалып, нәтижесінде 33 жер прокуратура органының араласуымен заңды күшін жойған. Қызметкер жұмыстан босатылған.

Сондай-ақ, Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкері 3 жыл бойы пара алу арқылы мемлекет бюджетіне және азаматтардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бергендігі анықталып, қызметінен қуылған.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұрат Ешанқұловтың айтуынша, заңбұзушылықты болдырмау үшін камералдық бақылау жүйесі енгізілуде.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!