Т.Сайхановты еске алуға арналған V – Республикалық ашық турнирі басталды | "Айғақ" ақпараттық порталы
5

Т.Сайхановты еске алуға арналған V – Республикалық ашық турнирі басталды

КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері, Халықаралық дәрежедегі экстра-класс төреші, Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы V – Республикалық ашық  турнир салтанатты ашылуы 13 наурыз күні 16.00-де Шымкент қаласы, «Жеңіл атлетика манежінде» өтетін болады.

4

Анықтама:

Сайханов Түсіпхан Сағатбекұлы 1951 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген.

1975-1979 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмәмдаған.

1975 жылы КСРО спорт шебері, 1999 жылы Қазақстанның дене шынықтыру және спортын дамытуға үлесін қосқаны үшін медалімен марапатталған.

2001 жылы Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сондай-ақ, 2004 жылы ШҚО Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атақтарына ие болған. Жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушы және халықаралық  деңгейдегі экстра-класс төреші.

2

3

2008 жылы «Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін, «Астанаға — 10 жыл» мерекелік медальдарының иегері.

Өз кезінде, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 200 жылы «Сидней» Олимпиадасы ойындарының ІV-орын жүлдегері, 2004 жылы «Афина» Олимпиадасы ойындарының күміс жүлдегері, 2008 жылы «Бейжін» Олимпиадасы ойындарының қатысушысы Геннадий Лалиевті шәкірті етіп дайындаған. Көптеген жылдар Шымкент қаласының №3 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандандырылған спорт мектебінің директор қызметін атқарған.

 

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!