«Айғақ»: Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асатын жобалар | "Айғақ" ақпараттық порталы
????????????????????????????????????

«Айғақ»: Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асатын жобалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 48 жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.  Оның ішінде 2017 жылы 2 жоба іске асырылса, 12 жоба биыл іске асырылады. Атап айтқанда:

Сайрам ауданы:

— Ақсукент-2 ауылындағы Абылайхан атындағы орта мектеп ғимаратын балабақша етіп, қайта құру. Жобаның жалпы құны 295, 9 млн. теңге;

— Манкент ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы. Жалпы құны 651, 5 млн. теңге;

— Қарасу ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы (жалпы құны 648, 0 млн. теңге).

Түркістан қаласы, Отырар мөлтекауданыныда 280 орындық балабақшаның құрылысы (619, 7 млн. теңге).

Шымкент қаласы:

— Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 320 орындық балабақша құрылысы – 554, 8 млн. теңге;

— «Қайтпас-1» мөлтекауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы – 1 657, 7 млн. теңге;

— Жиделі шағын ауданындағы спорт ангарының құрылысы – 84, 6 млн. теңге;

— Қазығұрт шағын ауданындағы спорт ангарының құрылысы – 237, 2 млн. теңге;

— Қалалық жедел жәрдем станциясын модернизациялау – 3 563, 1 млн. теңге.

Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылындағы 75 орындық балабақшаның құрлысы – 180,3 млн. теңге.

Ленгір қаласы:

— Таскешу елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысы – 277,9 млн. теңге;

— 1-ші мөлтекауданындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы – 434, 7 млн. теңге.

Айдар Дидар




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!