8 наурыз мерекесіне орай Қажымұқан орталық стадионының маңында облыстық тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрменкесі өтті. Шараға облыстағы барлық аудан қалалардан 35 – тен астам дихандар қатысып 212 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сатылымға шығарыпты.
Облыс әкімінің ұйымдастыруымен өткен сауданың жалпы құны 97,1 млн. тоннаны құрап отыр. Айта кетсек, өткен жылы облыс бойынша 390 тоннадан аса астық қамбаға жыйналған. Әрине бұл бақша дақылдарын игеру бойынша жақсы көрсеткіш. Мал шаруашылығында да өсім байқалып ет және сүт өндіру көрсеткіштері де артқан. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 552 млрд. теңгені құраған. Бүгінгі өткен жәрмеңкеге дихандар ет пен көкөніс өнімдерін молынан әкелген. Нақтырақ айтқанда ет өнімі 64 тонна, көкөніс 66 тонна, шұбат 3 тонна, жұмыртқа 10,0 мың тонна. Балық 5 тонна, шекер 3 тонна, алма 10 тонна, әсел 4 тонна, кептірілген жеміс 7 тонна, басқада өнімдердің жалпы салмағы 42 тоннаға жетіп отыр.
Облыста тамшылатып суару әдісі 7,8 мың га жерге ендіріліп жалпы көлемі 58,8 мың га жеткен. Бұл көрсеткіш республикалық үлестің 72%-ын құрап отыр. Мерекеге орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде аудандардан жыйналған шаруалар табиғи таза өнімдерді нарықтан 15 — 20% төмен бағамен сатуда. Айта кетсек, дихандар халықтың күнде тұтынатын өнімдерінің бірі картоп бағасын 80 мен 120 тенге арасында сатылымға қойған. Әрине бұл қарапайым тұрғындар үшін үлкен жеңілдік.
2017 жылы 190,8 га жерге жылы жайлар салынған. Қазіргі таңда бұл кәсіп бойынша республикалық үлестің 80%-ы облысымызға тиесілі. Мұнымен қоса бір қуантарлық жәйт кооперация құру тапсырмасымен облысымыз республикада көш бастап тұр. Мысал келтіре кетсек бүгін де 655 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылып оған 55 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріккен. Бүгінгі жәрменкеге келушілердің қарасы көп. Әсіресе көкөніс жеміс жидек, ұн және ет, сүт өнімдеріне сұраныс артқан.
Мақсат Тоқсанбай.