mvi_0886-mp4-still001

Тарихы терең,табиғаты тамаша — Түлкібас!

Дала мәдениетінің ошағы болған, руханияттың қайнар бұлағы болып табылатын Оңтүстік өлкесі – бақ дарыған құтты мекен.

dji_0048-mov-still001

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Жалпақ жұртыңды, иісі Алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп айтып өткен-ді. Осы ретте Шерхан Мұртаза ағамыз айтпақшы тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер Түлкібас жұртшылығының тыныс-тіршілігімен «Айғақ» арнасының тілшілері танысып қайтқан болатын.

dji_0027-mov-still001

Алатаудың Қаратаумен қауышқан тұсында орналасқан, жердің жерұйығы іспеттес Түлкібас өңірінің әр тасы тарихтан сыр шертетін таңғажайып мекен. Ықылым заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан таулы мекеннің әрбір қырқасы сол кездердің тарихын қойнына бүккендей.

dji_0065-mov-still001

Әр өлкенің өзіндік тарихи-табиғи даму ерекшеліктеріне орай оны мекендеген халықтың да өзіндік шежіресі, мәдени дәстүрі мені рухани-әлеуметтік құндылықтары қалыптасатыны белгілі.

dji_0067-mov-still001

Бір ғасырдың куәсі болып отырған Түлкібас теміржол вокзалында аялдап жергілікті алманың дәмін татпаған адам жоқ шығар, сірә. Аудан іргесінің қалануына да дәл осы Түркістан-Сібір темір жолының салынуы әсер етті.

mvi_0862-mp4-still001mvi_0950-mp4-still001

Яғни, аудан жері арқылы Трансазиялық темір жол және Алматы-Термез автомобиль жолы өтеді.

mvi_0963-mp4-still001dji_0033-mov-still001

Иә, өткен ғасырдағы Ұлы Жібек жолының бойындағы аймақты бүгінде жаңа ғасырдың нұрлы жолы саналған «Батыс Қытай – Батыс Еуропаны» дәлізі кесіп өтеді. Бұл жолды салудағы тағы бір ерекшелік Шақпақ баба ауылындағы алыс жолды жақындататын жер асты (тунель) жолының салынуы.

dji_0076-mov-still001

Құрылыс барысында ауданның ерекшелігігін ескере отырып, республика бойынша бірінші рет жер асты жолы  (тунель) құрылысы жүруде. Жер асты жолы 800 м шақырымды құрап отыр.

mvi_0993-mp4-still001

Халықарылқ маңызы бар, батыс пен шығысты жалғайтын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа»  күре жолы Түлкібас ауданы Шақпақ баба белінен Боралдай баурайын тесіп өтіп, Жамбыл облысына дейін жалғасады.

mvi_1000-mp4-still001

Өткелдің құрылысы бүгінде әлі аяқталмаған. Тау ортасын тесіп жүргізілетін жұмсытарда бірқатар қиындықтар да жоқ емес. Заман талабына сай техникалар да тау баурайын тесіп өту жұмыстарында кейде қауқарсыз болып қалып жататыны жасырын емес. Сондықтан да ғасырлық жобадағы жер асыт өткелінің ұзақ салынуының салмақты сыры осы. Жалпы ұзақтығы 960 метрді құрайтын нысанның құрылысы сәтін салып ертерек аяқталса қаһарлы қыста асудан өтемін деп әбіржіп жүрген жамағаттың қатынас орнатуына оңайлық тудыратыны рас.

mvi_1005-mp4-still001mvi_1008-mp4-still001mvi_1020-mp4-still001mvi_1008-mp4-still001

Тарихы бай, табиғаты тамаша Түлкібас өңірінің киелі топырағынан шығып, абыройын бүгінде асқақтатып жүрген мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртаза сияқты асылдарымыз бар.

mvi_0886-mp4-still001mvi_0946-mp4-still001




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!