5 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы кезінде қазақстандықтарға бес жаңа әлеуметтік бастамасын арнады. Жаңа реформалардың өзектілігі мен уақыттылылығы ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен талқылануда, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
ҚР Премьер-Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы жариялаған халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар халықаралық сарапшылар тарапынан оң бағаға ие болды.
Бағдарламаны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толықтырады — ӨПИ
ҚР Президентінің жаңа әлеуметтік бастамалары туралы Өңірлік проблемалар институтының Бас директоры Дмитрий Журавлев келесідей пікір білдірді:
«Мұның бәрі адамдарды жаңа экономикадағы лайықты қызметкерлерге айналдыратындай өмір сүру мен білім алудың жоғары деңгейін қалыптастыруы тиіс. Бұл үлгі басқаларға база болмақ. Менің ойымша, Қазақстан кемінде өмір сүру деңгейі біздей елдер үшін көшбасшыға айналады. Ел Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік бастамалары теңдессіз – әсіресе әлемнің басқа елдерінің қатарында. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламаны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толықтыратынын кездейсоқ айтқан жоқ.
Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады — Singapore Press Club
«Материалдық пайда маңызды рөлге ие, алайда әлеуметтік бірліктің өмірлік маңызы зор. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайын жақсарту қажет екенін жақсы түсінеді, бұл сондай-ақ Қазақстанның экономикалық өсіміне септігін тигізеді. Осылайша, ол тұрғын үй, жоғары білім беру, жалақыны көтеру және мұқтаж жандардың өмір сүру жағдайын жақсарту сияқты халықтың негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға баса назар аударады. Елді жалпы жаңғыртумен қатар, Президент дамудың барлық бағыттарын қамтуға тырысатыны айқын.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына мұң-мұқтаждарын жеткізу үшін «айқайлауына» туралы келеді. Бұл жағдайда Президент оларды не алаңдататынын жақсы түсінеді, және олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдайды. Бұл аз қорғалған санаттарға қамқорлық көрсету арқылы тең мүмкіндіктер ұсынудың айқын мысалы. Қазақстан бұл бастамалардан тек пайда табады, себебі халық елдің әрі қарайғы дамуында біртұтас болмақ», — деп жазды Сингапур Баспасөз клубының Құрметті хатшысы (Singapore Press Club) Сантош Кумар
Әлемдік БАҚ мән-мәтініндегі Президент бастамалары
Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған үндеуін жаңа әлеуметтік бастамаларды белсенді түрде таратып отыратын әлемдік БАҚ-тар да назардан тыс қалдырмады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің солтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ететін газ құбырын салу жөнінде бастама білдірді, деп хабарлайды ТАСС.
«Қазақстанда тұрғын үй алуға берілетін ипотека мөлшерлемесі екі есеге төмендетіледі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент пен Үкіметтің бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасын және өзге де ауқымды әлеуметтік реформаларды іске асыруды ұсынды», — деп хабарлайды «МИР 24» тілшісі Назар Ахмаров.
Сондай-ақ, ұсынылған бастамалар салықтарды қысқарту, білім беру сапасын жақсарту, бизнеске жеңілдікті шағын несиелер беруге және газдандыруға қатысты.
«Президент салықты төмендету туралы мәлім етті: ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын салық жүктемесі 10%-дан 1%-ға төмендетіледі. Мемлекет басшысы реформалар нәтижесінде алынған қаржыны жалақыны көбейтуге жұмсауды ұсынды. Осы реформаларды жүзеге асырған соң, Қазақстанның кем дегенде 2 млн азаматы бүгінгі күнге қарағанда көбірек жалақы алатын болады», — деп жазылған басылымда.
Lenta.ru былай деп жазады:
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықты төмендетуге уәде берді. Төмен жалақы алатын екі миллион азамат үшін алым 10 есеге азаяды.
«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін он есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды ұсынамын», — деді Президент Парламент отырысында.
Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға енгізіледі (Ресейдің ең төменгі жалақы мөлшерінің аналогы). Салықты азайту нәтижесінде қазақстандықтардың жалақысы өседі.
«Салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл екі миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, Президент әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек екенін атап өтті.