Оңтүстікте эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 2 млрд теңгеден аса қаржы қаралыпты. Биыл ветеринарлар 14-ауруға қарсы жоспарды бекітіп отыр. Төрт-түліктің денсаулығына жұмсалатын миллиардтаған қаражатқа арнайы препараттар да сатып алынған. Мамандар көктемнің алғашқы айынан бастап мал ауруының алдын алу үшін екпе жұмыстарын бастапты. Сондай-ақ, үй жануарларының төлдерін бірдейлендіру шаралары да жүзеге асып жатыр.
Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдулданов өңірге келді. Іс-сапар Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңынан бастау алды. Басшылықтың мақсаты облыстағы ветеринариялық қауіпсіздік шараларымен танысу. Оңтүстікте бұл бағытта өткен жылы 2 млрд. 224 млн. теңге бөлініп, 14 аса жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егу, 2-ауруға аллергиялық тексеру жүргізілген.
Ал биылғы жылы жалпы облыста эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға 2 млрд 400 млн-нан аса теңге бөлініп отыр. Оның ішінде сары ауруына «оң» нәтиже берген жануарларға өтемақы төлеуде қарастырылған. Бүгінде барлығы 14 ауруға профилактикалық шаралардың жоспары бекітіліп, аудан, қалаларға жолданыпты. Сондай-ақ көктемнің алғашқы айынан бастап мал ауруларына қарсы препараттар мен вакциналарды егу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл мүйізді ірі қара малға 208 мың 612 дана , ұсақ малға 2 млн-нан аса, түйеге 4 мың 300 жуық артық сырға қалып, жоспарға сәйкес бірдейлендіру шаралары жүргізіліп жатыр дейді мамандар. Сондай-ақ, 2017 жылы Халықаралық эпизоотия бюросының сарапшылары облысымызды инспекциялап, нәтижесінде аусыл ауруына вакцина егу арқылы өңірге қолайлы аймақ мәртебесі беріліпті.
Жомарт БЕГІМБЕТ.