Әлеуметтік желіде лауазымды адамдардың тойға және салтанатты жиындарға баруға тыйым салынатындығын айтқан Өзбекстан басшысының аудио жазбасы таралды.
Осыған байналысты Шавкат Мирзиеёв өзінің тойға қатысты айтқан мәлімдемелерін Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Атап айтқанда:
-Мемлекеттік көліктерді шайхана (тойхана) маңында көрген күні шенеуніктер жұмыстан шығарылады және қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
— Лауазымды мемлекеттік қызметшілерге тойға және салтанатты жиындарға баруға тыйым салынды;
— Билік өкілдерінің салтанатты жиындарда қыдырырудың орнына, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем берулері керек;
-Премьер-министрге, хокимдерге, атқарушы билік өкілдеріне тойларға баруға тыйым салынды;
-Тойға шақырылатын қонақтардың саны мен салтанатты жиынның өткізілу уақытын заң жүзінде рәсімделеді;
-Елімізде той салтанаты 13:00-ден 14:00-ге дейін өтеді, ал қонақтардың саны 150-ден аспауы керек.
Айдар Дидар