Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға жылдық 7% мөлшерінде ипотекалық несие беруді ұсынды.
«Бүгін біз әлеуметтік жаңғырту жолында жаңа қадам жасауға дайынбыз. Мен бес президенттік әлеуметтік бастаманы ұсынамын. Бірінші бастама — тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері, әрбір отбасына. (…) Бізге әрбір қызметкерге пәтерді несиеге ала алатын арзан қорлармен қамтамасыз етудің тетіктері қажет.
Сондықтан мен «7-20-25» деп аталатын бағдарламаны іске қосуды ұсынамын. Яғни, кез-келген қазақстандық жұмысшы келесі жағдайларда теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады: несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 14-16% емес 7% құрайды», — деді Н.Назарбаев дүйсенбідегі парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Сонымен қатар, ол, егер банктер бастапқы жарнаны 30% -ға дейін, ал кейде 50% дейін қажет етсе, онда осы бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20% -дан аспауы тиіс. Несие мерзімі адамдарға ай сайынғы төлемдерді азайту үшін 10-15 жыл емес, 25 жыл болуы керек.
«Соңғы жылдары азаматтарымызға тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. Өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді. Бұл – бұрындары қол жетпеген рекордтық сандар.
Алайда, бұл жеткіліксіз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін кеңейту үшін барлық жағдайды жасау керек, көпшілікке ипотекалық несие алу қолжетімділігін арттыру керек», — деді Қазақстан Республикасының Президенті.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен үкіметке қаржы реттеушісінің, екінші деңгейдегі банктердің және қор нарығының мүмкіндіктерін пайдалануды тапсырды.
«Ұлттық Банкке кем дегенде 1 триллион теңге тартатын және жоғарыда көрсетілген шарттарда банктер ұсынатын жаңа ипотекалық несиелерді сатып алуға жіберетін арнайы компанияны құру қажет. Бағдарламаны іске асыру елдегі тұрғын үй құрылысына қуатты серпін береді. Нәтижесінде миллиондаған қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігі артады. Бұл сондай-ақ экономиканың, шағын және орта бизнестің өсуіне ықпал етеді. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — деді ол.
«Мен әрдайым Қазақстан үшін құрылыс, әсіресе тұрғын үй салу үшін, мультипликативтік әсердің өте үлкен екенін айтқанмын. Тұрғын үй құрылысы — бұл металл, бұл жиһаз, бұл бәрі. Сіздер білесіздер. Яғни осының айналасында бизнес дамиды және бұл біздің экономикамыздың өсуіне әкеледі.
Ең бастысы, біздің көптеген азаматтарымыздың, әсіресе жас отбасылардың армандары шындыққа айналады», — деді Н.Назарбаев.
ҚазТАГ