8 наурыз және Наурыз мерекесі күндерінде жолаушылар тасымалына деген сұраныстың жоғарылығы салдарынан қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Астана-Шымкент» пойызы Астанадан 2018 жылы 7, 20 және 24 наурызы күндері, кері қарай Шымкенттен 8, 21 және 25 наурызда 3 рейс; «Алматы-Арыс» пойызы Алматыдан 9 және 23 наурыз, кері қарай Арыстан 10 және 24 наурызда 2 рейс», — делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
«Сонымен қатар, «Астана-Павлодар» қосымша пойызы шығарылады. Ол Астанадан 2018 жылдың 7 және 20 наурызында, кері қарай Павлодардан 8 және 21 наурызда 2 рейс», — делінген компания хабарында.
Сондай-ақ, бұған дейінгі Қазақстан мен Өзбекстанның ұлттық тасымалдаушылары арасында қол жеткізген келісімге сәйкес 18 наурыздан бастап №1/2 «Алматы-Ташкент» халықаралық пойызы аптасына 3 рет қатынайтын болады, деп хабарлады компаняидан.
«2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Самарканд-Астана Нурлы жол» бағытындағы №251/252 халықаралық пойызы шығарылады. Аталмыш пойыз сейсенбі күні Астанадан аптасына бір рет шығады, Самарқандтан жексенбі сайын жүреді», — деп хабарлады компаниядан.
Фото: tengrinews.kz