Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қазақстанда жеке әскери компаниялардың жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz .
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер жеке әскери компаниялар қызметін заңдастыруы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Алайда Дариға Назарбаева мұндай жағдай біздің елге емес, жеке әскери компаниялары бар елдерге қатысты мәселе екенін айтты.
«Қазақстанда мұндай жеке әскери компаниялар жоқ», — деді сенатор.
Журналист сенатордан Қазақстанға дәл осындай компаниялар керек пе деп сұрады.
«Бұл идеяны мен қолдамаймын. Турасын айтқанда, олар адам өлтіруге арналған жеке машиналар. Ондайлар болмау керек», — деді Дариға Назарбаева Сенат кулуарында.