44

Головкин мен Альварес кездесті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы мексикалық Сауль «Канело» Альварес 5 мамырда өтетін реванштың промо-ролик түсіріліміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Түсірілім алаңындағы суреттерді Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетсек, «Канело» мен Геннадийдің қарымта айқасы да 16 қыркүйек күні тең нәтижемен аяқталған бірінші жекпе-жек болған жерде — Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады. Боксшылар күні кеше ғана Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихатында бірінші айқастан кейін бетпе-бет кездесті.

Дереккөз: inform.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!