37

Қазақстандық тұтынушылар тауарларды суретке түсіруге құқылы

Қазақстандық тұтынушылар тауарларды суретке түсіруге құқылы, деп хабарлады ҚР Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Әбу-Әли Әлібек.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес, әрбір адам заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға құқылы.

Сауда қызметін мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негізін анықтайтын сауда қызметіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер тауарларды суретке түсіруге шектеу қоймайды», — деп жазды А.Әлібек сәрсенбі күні өзінің Facebook парағында.

Сонымен қатар, баспасөз хатшысы айтқандай, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушы, орындаушы) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы, 12-тармағына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын фотосуреттер мен бейнетүсірулерді пайдалануға қатысты шектеуіне тыйым салынады.

«Сондықтан қолданыстағы заңнамада тауарларды, сондай-ақ бағаларды суретке түсіруге тыйым салынбаған», — деп қорытындылады А. Әлібек.

Дереккөз: ҚазТАГ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!