2018 жылдың 23 ақпанында Шымкентте қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Шымкент қаласының жылу және ыстық су жүйесі: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» форумы өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласының баспасөз қызметі.
Бүгінгі форумның мақсаты – Шымкент қаласындағы жылу және ыстық сумен қамтамасыз етудегі қазіргі жағдайды талқылау, перспективті даму жолдарын іздеу.
Жиынға жетекші әлемдік компаниялар, мамандандырылған сараптамалық қауымдастық және жобалық институттар, ғалымдар, халықаралық қаржы ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Форум барысында төмендегідей сұрақтар қаралды:
— жылу энергиясын бірыңғай жылу энергия орталығына локальді қазандыққа қайта бөлу;
— жылу және электрді пайдаланушыларды автоматтандырылған, істен шыққан құрылғыны анықтап отыратын диспетчерлік-технологиялық басқару жүйесіне қосу және сымсыз есептеу құралымен жинақтауды енгізу;
— энергия өндіруде қоршаған ортаға зиянын азайтатын жаңа технология жасау және енгізу;
— электр және жылу энергиясын өндірудің баламалы көзі (күн электр станциялары, жел генераторлары, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жағу кезінде жұмыс істейтін генераторлар).
Форум барысында жылу жүйесі және ыстық сумен қамту мәселесінде қалалық әкімдік «DanfossA/S» және «KazAeroSpace» компанияларымен меморандумға қол қойды.
ФОТО: shymkent.gov.kz