Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Белорусь елі атынан сынға түскен қазақ қызы Динара Әлімбекова биатлоннан алтын медаль алды!
Олимпиада чемпионы болған қазақтың қызы Динара Талғатқызы 1996 жылы Абай қаласыҚарағанды облысында туылған. Әкесі Әлімбеков Талғат ұлты қазақ, ал анасы орыс. 1999 жылы Динараның ата-анасы Белоруссияға қоныс аударған. Динараны спортқа, оның ішінде биатлон спортына тартқан өзі оқитын мектептің физругі Геннадий Тиофеевич Таевский көрінеді.
Динара 2018 жылдың 22 ақпаны күні өзге елдің атынан сынға түссе де қазақ қыздарынан, жалпы қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды! Бір қызығы ол осыдан тура 3 жыл бұрын 2015 жылы 22 ақпанда жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.
Корея Олимпиадасына қатысып жатырған Қазақстан құрамасынан күнде жүлде күтетініміз жасырын емес. Алайда, Юлия Галышеваның жалғыз қоласынан басқа жүлде қоржынға түсер емес… Әзірге қазақтың қызы болғасын Динараның жеңісіне балаша қуанып жатырмыз.
Динараның алтыны құтты болсын баршаңызға!
(ФОТО: baq.kz)