img-20180223-wa00301

Мәдениет қайраткері М.Мұратбаевқа арналған еске алу кеші өтті

Бүгін Жезқазған қаласында халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің дәстүрлі ХХVIII аймақтық «Ұлытау үні» фестивалінің аясында «Жылдар мен жолдар» атты Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Мөрлібек Мұратбаевты еске алу кеші өтті. Бұл турал кешке арнайы қатысқан «Айғақ» телеарнасының тілшілері хабарлады.

img-20180223-wa0031

Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Мөрлібек Мұратбаев өңірдегі мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, табанды еңбегінің арқасында облыс әкімінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Бұл қызметінде тек мәдениет саласында ғана емес, әлеуметтік саладағы да күрделі мәселелерді шешілуіне мұрындық бола білген іскер жан еді.
Мөрлібек Мұратбаевтың «Мезгіл пернесі» естелік кітабы тәрбиелік мәні бар, оқуға жеңіл, тағлымы мол шығарма.
Бүгінгі өткізілген еске алу кеші өнегелі жанның өрісі кейінгі ұрпаққа үлгі екенінің тағы бір дәлелі болса керек…

Мәдениет қайраткерінің өмір жолы және еске алу кеші жайлы толығырақ жуырда «Айғақ» телеарнасынан көре аласыздар.

Гүлжан Нұрланқызы, Жансая Елемесова.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!