3bcd11322fc5b63e6b7878c15140e134

ҚР-да қарыздарының жартысынан астамын төлеген борышкерлер кепілге қойылған пәтерлерін сақтап қалу құқығына ие боулы мүмкін

Қазақстанда қарыздарының жартысынан астамын төлеген борышкерлер кепілге қойылған пәтерлерін сақтап қалу құқығына ие болуы мүмкін, делінген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру туралы» ҚР заң жобасының тұжырымдамасында.

«Борышкерлер мүддесін қорғау және екінші деңгейлі банктердің әдейі бас тарту мүмкіндігін болдырмау мақсатында мүлікті сату процесінде мүлікті алу үшін борышкерлердің төлем қабілетін қалпына келтіру жоспарын келісуде заң жобасы борышкерге төлем қабілетін қалпына келтіру процесі басталған мерзімге займ шарты бойынша негізгі қарыздың сомасы 50% асқан жағдайда, пайдаланылатын алаң көлемі әр тұрғынға он сегіз шаршы метрден аспайтын және жалғыз үйі болып табылатын кепілге қойған мүлкін сақтау құқығын ұсынады», — делінген тұжырымдамада.

Бұл ретте заң жобасында кепілге қойылған мүлікке баса назар аударылған. Тұжырымдаманы әзірлеуші болып табылатын ҚР қаржы министрілгінде атап өткендей, «талаптары азаматтың мүлкін кепілге қою арқылы қамтамасыз етілген кредиторлардың мүддесін қорғау мемлекеттің қаржылық жүйесінің тұрақталығын қамтамасыз ету болып табылады».

«Осыған байланысты кепілзаттық кредитке, тараптар көлемі мен дауыс басымдығына қарай таңдау мүмкіндігі ұсынылған: борышкерге жоспар негізінде өзінің төлем қабылетін қалпына келтіру мүмкіндігін беру немесе мүлікті сату рәсімінде мүлікті сатудан әкімшілікке түскен қаржы есебінен өз талаптарын қанағаттандыру», — деді қаржы минде.

Құжат 7 наурызға дейін қоғамдық талқылануға шығарылды.

Еске салсақ, бүған дейін хабарлағандай Қазақстанның кредит алған азаматтарының төлем қабілетсіздігі туралы жалған ақпар берулерін тұжырымдамаға сәйкес қылмыс деп санау ұсынылуда.

Дереккөз: ҚазТАГ

Фото: ankra.ru




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!