14

Ерболат Досаев мемлекеттік сатып алуларды қатаң бақылауды тапсырды

Мемлекеттік сатып алулар саласы «жемқорлық жайлаған аймақ» болып саналады. Сондықтан мемлекеттік сатып алуларды ашық әрі түсінікті ету — Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің басты міндеті. 2018 жылы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі мәселені толық шешуге назар аудару қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алдымен Ерболат Досаев мемлекеттік сатып алулар туралы заңын тезірек қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Қаржы министрлігімен мемлекеттік сатып алулар заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қатысты сұрақтар қалды. Бұл заңды алдымен Мәжілісте, кейін Сенатта қабылдауды жеделдету үшін жұмыстар жүргізу қажет. Аталған салаға қатысты мәселелерді білесіздер. Ол туралы әкімдер айтып жүр», — деді Премьер-министрінің орынбасы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар процесіне 2 кезеңнен тұратын конкурс енгізілуі мүмкін. Осы орайда Досаев аталған мәселенің әлі шешілмегенін жеткізді. Сонымен қатар ол мемлекеттік сатып алулар саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі екенін атап өтті.

«Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстарды әкімшілендіріп, ретке келтіруге қатысты мәселелер шешімін тапқан жоқ. Бұл сала жемқорлық жайлаған аймақ болып саналады. Оны барлығы айтып жүр. Себебі, мемлекеттік сатып алулар — ақсап тұрған сала. Сондықтан аталған саланы ашық және түсінікті ету — Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің басты міндеті», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Осы орайда Ерболат Досаев мемлекеттік сатып алулар саласын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

«Біз 2018 жылы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі мәселені толық шешуге назар аударамыз. Мәңгі ештеңе болмайды. Біздің халқымыз — «талантты». Бірақ олар жаңа бірнәрсе ойлап табады. Алайда біз олардан бір қадам алда болып, тиісті шешімдерді қабылдауға үлгеруіміз керек. Біз бизнестің дамуына кедергі жасамай, бюджет қаржысының тиімді пайдалануын қадағалауымыз керек», — деп түйіндеді сөзін ҚР Премьер-министрінің орынбасары.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!