Ресейдің президенттік сайлауына арналған сайлау учаскелері Қазақстанның 19 қаласында ашылады, деп хабарлайды РФ-ның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.
«18 наурызда Қазақстандағы Ресей елшілігінде және жалпы консулдықтарда президенттік сайлау өткізу үшін келесі қалаларда сайлау учаскелері құрылды:
Астана — Ресей ғылым және мәдениет орталығы; Ақтау — Абай ат. мәдени-сауықтыру кешені.; Ақтөбе — Оқушылар сарайы; Алматы — Ресей Федерациясының Бас консулдығы; Атырау – Құрманғазы ат. мәдениет үйі; Қарағанды — Шахтерлер мәдениет сарайы; Көкшетау — «Көкшетау» мәдениет үйі; Қостанай — Облыстық Достық үйі, Павлодар – И.Н. Естай ат. мәдениет сарайы; Петропавл — Сәтбаев көшесі, 37 үй; Приозерск — 97-ші офицерлер үйі; Семей — Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайы, Талдықорған — Жансүгірова И. ат. Мәдениет сарайы, Тараз — № 8 мектеп-гимназиясы; Орал – Мусита к-сі – 78 үй; Өскемен — Ресей Федерациясының Бас консулдығы; Шымкент — оқушылар сарайы », — деді елшілік.
Бұдан басқа, Кордай қаласында (16 наурызда Мәдениет үйінде) және Қызылордада (15 наурыз Достық үйінде) ерте дауыс беру өткізіледі.
«Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады. Өзінде Ресей Федерациясының азаматының (шетелдік немесе отандық) төлқұжаты болуы керек. Сайлауға 18 жасқа толған Ресей азаматтары қатыса алады», — деді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.
Дереккөз: ҚазТАГ
Фото: azertag.az