Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес бүгін, яғни 2018 жылдың 21 ақпанында «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВ өзінің халық алдындағы алғашқы есеп беру кездесуін өткізуде.
Есептік кездесуге арнайы «Айғақ» телеарнасының тілшілері қатысты.
Жалпы облыс әкімінің 2017 жылғы қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы қорытынды есебіне байланысты ұсыныс-өтініштерге арналған жәшіктер орналасқан болатын. Тараз қаласының 15 жерінде және облысқа қарасты 10 ауданның 30 жерінде орналастырылды.
Өткен жылы облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуында оң динамика сақталған. Есепті кезеңде 368 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Өсім – 1,8%.
Инвестиция 5,5 пайызбен көбейген.
Индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 13,0 млрд. теңге инвестция тартылған, 10 жоба іске саырылып, 716 жұмыс орны құрылған.
Сонымен қатар, өткен жылдың кейбір көрсеткіштерінде өндіріс көлемінің төмендегені байқалады.
Мысалы, қант өндірісі 22%-ға, соның салдарынан тамақ өнімдерінің өндірісі 17%-ға азайған.
Амангелді газ өңдеу зауытында нақты көлем индексі 52%-ды құраған.
Бұған ірі өндіріс орындарында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүруі, шикізатты өңдеуге тапсырыстың болмауы басты себеп болып отыр.
«Осындай жағадайлардың алдын алу үшін экономиканың барлық секторында тұрақты бақылау-талдау жүргізілуі тиіс. Ол үшін тиісті басқармалар, әкімдер мен кәсіпорындар арасында әріптестік байланысты бір жүйеге салғанымыз дұрыс»,-деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өзінің есепті кездесуіндегі баяндамасы барысында.
Сондай-ақ, аймақ басшысы кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыру қажет, ол үшін мәселелер зерделенуі тиістігін айтты. Яғни, аймақта бүгінде кәсіпорындарды қайта жаңғыртып, олардың қуаты мен жүктемесін көтеру бойынша нақты межеленген жоспарлар қабылдау қажет. Сол үшін мамандарды тарта отырып, өнеркәсіп саласын аймақтық картасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Оған тұрып қалған жаңғыртуға жататын кәсіпорындар ендірілуі түйітікілді мәселенің біраз түйінін тарқататындығын облыс басшысы тілген тиек етті.
Баяндамадағы мәліметтерге сүйенсек, жыл басында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мың бірлікті құрап отыр. Олардың жалпы саны 9 пайызға артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 285 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 0,7 пайызды құраған.
Асқар Исабекұлы баяндама барысында алда атрқарылар тірлік әлі көп екенін жеткізді.
Естеріңізде болса, Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалғанына 1 айдан асты.
Есепті кездесудің толық нұсқасын «Айғақ» телеарансының жаңалықтарынан көре аласыздар.