671

Елімізде заңсыз бағдарламалар мен компьютерлік ойындар жасайтын 9 цех анықталды

2017 жылы бағдарламалар мен компьютерлік ойындарды заңсыз жолмен дискілерге көшіріп басатын, жасырын 9 цех анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жедел іздестіру қызметі департаментінің сарапшы-офицері Эльмира Қалығұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Өткен жылы авторлық құқық және сабақтас құқықты бұзуға қатысты істер бойынша Экономикалық тергеу қызметі жедел жолмен 179 істің 123-і қылмыс екенін анықтады. Бұл – DVD дискілерді және Sony PlayStation приставкасына арналған контрафактілік ойындарды және «1С-өндіріс» бағдарламасының заңсыз таратуға байланысты. Сонымен қатар осындай дискілерді жасайтын 9 жасырын цех анықталды», — деді Эльмира Қалығұлова Әділет министрлігінде өтіп жатқан контрафактілік өнімдер мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!