666

Прокурор экс-министр Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сөзжарыс жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Прокурорлар істің мән-жайын айтып, сотта зерттелген дәлелдемелердің сараптамасы «сотталушының айыбын толық әшкерелеп тұрғанын» мәлімдеді.

«Сот алдында қылмыстың қалай болғанын көрсетіп, іс бойынша табылған дәлелдерге сараптама жүргіздік. Бұл сотталушының оған тағылып отырған айып бойынша қылмыс жасағанын нақты дәлелдеп отыр. Келтірілген дәлелдер тексерілген, ойға қонымды, ал оларды біріктіріп қараса сотталушының тағылып отырған айып бойынша қылмысты жасағанын жеткілікті түрде дәлелденді», — деп мәлімдеді прокурор Сәуле Сыдықова.

«Өкінішке қарай, Бишімбаев халқы мен Президентіне қызмет етудің орнына жеке мүддесін маңызды деп санап, қылмыс жолымен баюды көздеген. Бишімбаевтың қылмыстық әрекетінің қоғамға қаупі осындай жоғары лауазымды мен жауапкершілікті мойнына ала отырып, мемлекеттік орган министрі бола тұра, жемқорлық қылмысын өзі ғана жасамай, өз қарамағындағылардың мұндай теріс қылықтарын қолдап, мадақтап, мемлекет берген қызметтік өкілетін өз мақсатына пайдалана отырып, кәсіпкерлерді аса ірі көлемде пара беруге итермелеп, бюджеттің миллиардтаған қаражатын жымқыруында», — деді прокурор.

«Істің жиналған материалдары Бишімбаев пен оның қоластындағылардың байқуатты өмір сүргенін, мемлекеттік қызметшіге тән емес теріс қылығын және бұл байлықтың олардың ресми табысына сай келмейтінін айғақтап отыр. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік қызметшілерге негізді сын айтуына себеп болады», — деп атап өтті прокурор.

Осылай дей келе прокурорлар Қуандық Бишімбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-пункиі, 366-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп тануды сұрады.

«Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырып, жеке меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік органдарда және коммерциялық ұйымдарда басшылық орындарындағы қызметке орналасу құқығынан айыруды, жазаны барынша қауіпсіздендірілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтетуді ұсынамыз. ҚР Президентіне Қуандық Бишімбаевты «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс шығаруды сұраймыз», — деді прокурор Әлібек Айтжанов судьяға.

Астанада экс-министр мен тағы 22 фигуранта қатысты істің басты сот отырысы осымен төртінші айға жалғасып жатыр. Осы уақыт бойынша процесс қатысушылары барлық сотталушының, куәгердің, іс материалын зерттеп жатқандардың пікірін тыңдап, аудио және видеожазбалармен танысты.

Ал биылғы қаңтарда Қуандық Бишімбаев сотқа берген куәлігінде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және істің қалай болғанын өз тарапынан айтып берген болатын. 25 қаңтарда прокурорлар жаңа айыптау актісін ұсынған. Бұдан кейін экс-министрге тағылған айыптарға тек бір пункт қосылып, ал жалпы өзгеріссіз қалған еді.

Мұның алдында экс-министр Мемлекет басшысынан кешірім сұраған еді. «Президенттің алдында кінәлі екеніміді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын. Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сеніміме кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым. Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын», — деген еді Бишімбаев.

Сондай-ақ, осыған дейін сотта Бишімбаевтың әйелі де сөз сөйлеген еді. «(…) ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек. Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын», — деген еді Бишімбаевтың әйелі сот залында.

2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!