photo_43769

Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перзентханадан миллион теңге өндіріп алды

Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перинаталдық орталықтан 1 миллиог 29 мың теңге өндіріп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандының Қазыбек би аудандық № 2 сотының баспасөз қызметі әйелдің 2016 жылдың 29 желтоқсанында перинаталдық орталыққа «Жүктіліктің 41-аптасы.
Жалған толғақтар. Ремиссия деңгейіндегі созылмалы пиелонефрит» деген диагнозбен түскенін хабарлайды.
2016 жылдың 30 желтоқсанында әйелге кесарь отасы жасалып, ұл бала дүниеге келген. Бірақ 2017 жылдың 3 қаңтарында сәби көз жұмады.
Әйелдің айтуынша, сәби 36 сағат бойы сусыз кеңістікте болған. «Сот талап етуші тараптың шағымын қанағаттандырып, моральдық шығын ретінде 1 000 000 теңге. ал материалдық шығын ретінде 29 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды», — деліген соттың хабарламасында. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!