Шымкентте ми тамырларына ота жасалды. Бұл теңдесі жоқ ангиограф қондырғысы арқылы жүзеге асты. Өткен жылы Облыстық клиникалық орталық ауруханасында орнатылған ақылды технологияның көмегімен 20-ға жуық ота жасалған. Ал, бұл күні Астана қаласынан арнайы келген нейрохирург мамандар күнгейлік дәрігерлермен жүрек талмасына шалдыққан науқастарды емдеу ісінде жаңа технологияның мүмкіншіліктері туралы өзара тәжірибе алмасты.
Кезекті ота 68 жастағы өңір тұрғынына жасалды. Науқас жүрек қантамырлары ауруына шалдыққан. Адамның басты организміндегі дерт , ми тамырларындағы қанның қоюлануы мен ұйып қалуана әкеп соқтырады. Мұның соңы адамды мүгедектікке шалдықтырып, тіпті науқас өмірмен қоштасуы мүмкін,- дейді дәрігерлер.
Аталған аурудың алдын алуда Голландиялық аппараттың көмегі орасан. Яғни , ангиографпен науқастың ми тамырларын тексеруге және емдеуге болады. 30 минутқа созылған ота сәтті аяқталды.
Кезекті тәжірибе алмасу күнгейлік дәрігерлердің қондырғыны толық меңгеруіне өз септігін тигізді. Енді, өңірде инсульт пен ми тамыры дертіне шалдыққандарды айықтыру жаңа технология көмегімен жүзеге аспақ.
Енді, ангеографиялық кешеннің көмегімен дерттен айығу оңай. Сондай-ақ, сусамырмен ауыратын азаматтардың, артық салмақтан арылуына болады. Осы уақытқа дейін бұл отаны ашық түрде жүргізіліп келген дәрігерлер, енді Голландиялық құрылғының көмегімен жаңа бағытта жүзеге асырады.
Әлемде теңдесі жоқ деп есептелетін бұл қондырғы елімізде 2008 жылдан қолданыста. Алғаш болып Астана мен Алматы қаласына жеткізілген. Бұл медициналық аппаратқа біздің өңірде де қажеттілік туындаған соң, өткен жылы қазынадан қаржы бөлініп сатып алыныпты. Бүгінге дейін құрылғымен 20-ға жуық ота жасалынған. Дәрігерлер алдағы уақытта жоғарғы техналогияның көмегімен 1000-ға жуық ота жасауды жоспарлап отыр.
Аяжан ДӘУЛЕТБАЙ