img_6910

Сарыағашта 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

Сарыағашта соңғы 40 жылда жүргізілмеген көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қолға алынды. Ол үшін әкімдік 10 гектар жер көлемін қарастырып қойған.  Мөлтекауданның өз балабақшасы да болады. Мектепке дейінгі мекемені мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруды мақсат тұтып отыр. Ал, 14 ақпан күні бір мезгілде пайдалануға берілген 13 медициналық тірек, жергілікті жұртқа қуаныш сыйлады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған бұл тірліктер аудан әлеуетінің артуына сеп болмақ.

img_6891

Мұндай    медициналық тіректер Сарыағаштың 8 бірдей ауылдық округінде ашылып отыр. Құрастырмалы қаңқалы модульдік конструкция, әсіресе шалғай жатқан елдімекендер үшін тиімді. Енді ауыл жұрты да алысқа сабылмайтын болады. Алғашқы медициналық көмекті осы тіректен алады. Дербісек ауылдық округіне қарасты Ұйымшыл елдімекенінде пайдалануға беріліп отырған тіректің ашылуына аудан әкімі өзі келіп қатысты. Ауыл тұрғындары болса дән риза.

img_6887

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы Оңтүстікте жалпы жыл соңына дейін дәл осындай 47 медициналық пунктті тапсыруды жоспарлаған. Шаршы алаңы 125-ті құрайды. конструкциялық жабдықталу құны 30 млн теңге. Мұнан бөлек, Сарыағаш ауданында облыстық перинаталдық орталық құрылысы жүргізілетіндігін ескерсек, жедел медициналық көмектер бір орталықтан жасалатын болады.

img_6878

Бұл күні тағы бір қуанышты бастаманың куәсі болдық. Дәлірек айтсақ, Сарыағаш қаласында 13 бірдей көпқабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқын алды. Қазір жерді тегістеу жұмыстары қолға алынған. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп отыр аудан әкімі. Облыстық бюджеттен әр үйге 100 млн-нан қаражат қаралса, қалғаны республика қазынасынан қарастырылады. Көпқабатты тұрғын үй құрылыстары басталатындығын естіген қала қариялары да бұл күні  қым-қуыт тіршіліктің басынан табылды. Ауданда жүзеге асып жатқан жобалардың көптігіне қуанды.

img_6902

img_6912

Аудан бойынша үй кезегінде 4500-нан аса отбасы тұр. Ал, жер кезегінде бұл көрсеткіш 10 мыңнан асып жығылады. Биыл бірқатар ауылдық округтерде жерді бөліп беруді де жоспарлап отыр. Ол үшін жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстары аяқталса болғаны. Иә, осы жерде айтып өтетін тағы бір жағдай, атқарылып жатқан тірліктерді қадағалау мен шешімі кезек күттірмейтін мәселеде аудан басшысы Қайрат Әбдуәлиев үшін ауа райының қолайсыздығы да әсер етпейді.

Салтанат ТОЙБОЛОВА




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!