Шымкент жауын-шашын мен су тасқыны кезеңіне дайын
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖ басқармасының басшылығы су тасқыны кезінде жұмылдырылатын техникалардың дайындығын тексеріп шықты. «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «ЮгДорСервис» ЖШС, «Бәтерек ЛБ» ЖШС, «СМД-құрылыс» ЖШС арнайы техникаларының дайындығы тексерілді. Сонымен қатар, жүргізушілердің демалу орындары мен тәулік бойы қызмет ететін диспетчерлік қызметті тексерді.
Су астында қалмау үшін жақын арада коммуналдық қызметшілерге 146 км арна мен 500 км жуық шұңқырды тазалау керек. ТЖ қызметінің мамандары былтырғы жыл біраз тәжірибе болғанын, су тасқыны орын алуы мүмкін қауіпті аймақтар анықталғанын айтады.
Тексеруден соң бірлескен жиналыс өтті. Коммуналдық және төтенше жағдай қызметінің бірлескен жұмыс жоспары талқыланды. Бекітілген аумақтағы мекеме басшылары су тасқынының алдын алу, болдырмау және қолайсыз ауа-райы орнаған сәтте халықты көшіру секілді сұрақтарды талқылады. Түрлі сұрақтар қаралған соң, құзырлы мекемелерге тапсырмалар берілді.
Шымкент қаласының коммуналдық қызметінде 13 мотопомп, 11 су сорғыш көлік және 157 жұмысшы бар.
ТЖД баспасөз қызметі.