Ермағамбет Бөлекпаев Елбасының Өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
Бұған дейін Ермағамбет Қабдолаұлы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет жөніндегі басқармасының басшысы әрі облыстық Тәртіптік Кеңестің төрағасы болып қызмет атқарған. Мұнан соң, Астана қаласының Тәртіптік Кеңесінің төрағасы, Сарыарқа және Есіл аудандарының әкімі қызметін атқарды. Оңтүсткке келер алдында Қарағанды облысының басқарма басшысы қазметін атқарған.
Ермағамбет Бөлекпаев Оңтүстік Қазақстан облысында басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген кезде өзін қарапайым, білімді, білікті басшы ретінде көпшілікке үлгі болып жүрді.