Мұхтар Ерман Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды | "Айғақ" ақпараттық порталы
220

Мұхтар Ерман Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне депутат Мұхтар Ерман сайланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның кандидатурасын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынған. Ұсыныс толықтай қолдау тапқан. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Мұхтар Ерман маңызды заңдардың қабылдануына үлес қосқан.

54 жастағы Мұхтар Ерман — бұрынғы Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

1999-2005 жылдары «Алматыжарнама» мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары «Асар» республикалық партиясы Орталық аппаратында хатшының орынбасары, артынша хатшы лауазымына ие болды.

2006-2008 жылдары «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында хатшы болды. 2008 жылдан «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары «Еуразия» бірінші арнасында» бас директорының орынбасары болды. 2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының аппараты басшысы қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, Мұхтар Ерман Мәулен Әшімбаевтың орнына келді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!