Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 9 қаңтарда Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында және аталған кеңесте айтылған Елбасының ескертпелері, ұсыныстарымен тапсырмалары. Атап айтқанда:
— облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылауды;
-тұрақты түрде тарифтерді реттеу мәселесін назарда ұстауды;
— облыстарда жылыту маусымын іркіліссіз жүргізудің маңыздылығына назар аударды;
-Үкімет облыстар әкімдерімен бірлесіп, көктемдегі су тасқыны қаупінің алдын алу және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды;
-еріген қардың суын тоғандарға жинап, оларды ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды;
-Үкімет облыстар басшыларымен бірлесе отырып, халық саны екі мыңнан асатын ауылдық елді мекендерде енгізілетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мен төртінші деңгейдегі бюджетке қатысты мәселені бақылауға алуды;
-елімізді дамыту жобалары мен бағдарламаларының маңызды сипатқа ие болып отырғанын халыққа кеңінен түсіндіру және бұл іске «Нұр Отан» партиясын тартуды;
—цифрландыру бағдарламасының мақсаттарын түсіндіру, бюджет қаражатына бақылауды күшейтуді;
-бақылайтын мемлекеттік органдардың тарапынан шағын және орта бизнесті тексеру жұмыстарын қысқартуды;
-қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асырудың және оларға бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігін арттыруды;
-әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін белсенді жұмыс істеу керек. Қажетті барлық бағдарламалық құжаттар қабылданып, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Институционалдық реформалар жүзеге асырылуда. Біз еліміздің Үшінші жаңғыруын жариялап, экономикамызды цифрландыруға кірістік. Даму үрдісін жеделдетуді;
— өңдеу секторының экономикадағы үлесін арттыруды және өндіріске озық технологияларды енгізді;.
— мемлекеттік қолдау ең алдымен, озық технологияларды енгізетіндер мен экспорттық өнім өндіретіндерге көрсетілуді;
— қазіргі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін зерттеуді тапсырып, жаңа экономикалық аймақтар құруға уақытша тыйым салуды;
-автомобиль жолдарының құрылысына бөлінетін қаржының тиімді әрі жариялы түрде пайдаланылуын бақылау және бірінші кезекке жатпайтын республикалық жолдарға бөлінген қаржыны өңіраралық және ауданаралық жол құрылыстарына қайта бағыттаудың маңыздылығына назар аударуды;
-өңірдегі тұрғын үй құрылысына қатысты мемлекеттік бағдарламаның одан ары жүзеге асырылу механизмдерін қайта қарау керектігін атап өтті. Енді нарықтық механизмдерді пайдалануға көшу керек. Құрылысты банктер қаржыландырып, ал Үкімет, Ұлттық банк және әкімдер тұрғын үй құнының арзандауы үшін жағдай жасауды;
-Үкімет импорт бойынша электрондық декларациялауды енгізу және тексеруші бақылау-қадағалау органдарының санын қысқарту мәселесін бақылауға алуды;
-электр энергиясы құнын төмендету мақсатымен «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу және өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендірудің; барысына тоқталды.
-денсаулық сақтау саласындағы реформаны тежеп отырған тағы бір жайт цифрландыру мәселесіне байланысты. Осы күнге дейін электронды денсаулық паспорты жасалмай отыр, дәрігерлер құжаттаманы қағаз жүзінде жүргізіп келеді. Жергілікті жерлерде медицина мекемелері компьютерлермен толық жабдықталмаған, интернет қолжетімді емес. Бұл мәселе бойнша әкімдердің жауапкершілігін арттыруды;
-өңірлердегі кейбір басшылардың қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға салғырт қарап, оған жүйелі әрі тыңғылықты кіріспей отырғанын атап өтті. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің бар мүмкіндігін пайдаланбай отырған өңірлер бар. Қоғамдық сананы жаңғырту бір жылмен шектелмейді. Бұл жүйелілікті, үнемі жаңа тәсіл іздеуді талап ететін ұзақ мерзімді жұмысты қамтамасыз етуді;
-мүдделі мемлекеттік органдарға қылмыстық процестегі асыра қудалаушылықты бәсеңдетіп, оны ізгілендіру бағытын жалғастыруды және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ісінде алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдауды;
Жолдауда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында атқарылуға тиіс 10 нақты міндет белгіледім. Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, әкімдер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ұлттық холдингтер тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Бүгін мен ескерілуге тиіс тағы бірқатар мәселені айқындадым. Жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мен күрделі геосаяси ахуал жағдайында барлығымыз белсенді әрі жұмыла жұмыс істеуіміз керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дайындаған: Айдар Дидар