Нұрлан Оразалин Қазақстан Жазушылар одағы басшысы қызметінен кетіп жатыр, деп жазады «Жас Алаш» газеті.
«Осы қоғамдық ұйымның 12 ақпанда өткен VI пленумында Н.Оразалин Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы қызметіне өз кандидатурасын ұсынбайтынын жеткізді. 12 наурызда кезекті съезд өткізіп, есепті тыңдап және жазушылар ұйымының жаңа басқарушы органдарын таңдау туралы шешім қабылданды», — делінген басылымда.
70 жасар Н. Оразалин 1996 жылдан бері 800-дей мүшесі бар Қазақстан Жазушылар одағын басқарып келді.
(Фото: qazaquni.kz)
Дереккөз: ҚазТАГ