Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жаңа прокурорлар тағайындалды | "Айғақ" ақпараттық порталы
i-460cc8e820a491f59258e734dc3ef46b

Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жаңа прокурорлар тағайындалды

Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасынан.

«Елбасының келісімімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев Алматы қаласының прокуроры, Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды», — делінген дүйсенбіде жарияланған хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, прокурордың екеуі де 2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған.

Б. Жүйріктаев Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратураларында түрлі қызметте, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2013 жылдың қазан айынан бастап – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болып келген

Қ.Ә.Әбдіханов әр жылдары Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары прокурорларының орынбасары болып қызмет атқарған.

2017 жылдың шілде айынан – Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары.

«Сондай-ақ Бас прокурордың 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Ақтөбе облысы прокурорының орынбасарлары болып Ғалымжан Ниязбекұлы Тлеубаев және Асқар Жейенайұлы Албытов, Ақтөбе қаласының прокуроры болып Рүстем Нәсіпқалиұлы Салкенов тағайындалды», — делінген хабарда.

Ғ.Н.Тлеубаев, А.Ж. Албытов және Р.Н.Салкеновтің прокуратура органдарындағы жұмыс тәжірибелері мол, 10 жылдан астам Орталық аппаратта қызмет етіп, прокуратура органдарының бірінші санаттағы кадрлық резервінде тұрған.

Жаңадан тағайындалған прокурорлардың барлығы бос лауазымдарға, соның ішінде Бас прокуратураның жылдық алқа отырысының қорытындысы бойынша босатылған лауазымдарға тағайындалды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!