ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қадағалау-тексеру қызметі саласын тәртіпке келтіруді тапсырды және Қазақстан қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа тағы ескерту жасады.
«Қаржы министрлігі атына сын айтылды, солай қала да береді. Мәселе күрделі. Жуық арада шешу керек. Ол нәтижесін береді. Мен тексерушілер санын қысқартуды ескере отырып, қадағалау-тексеру қызметтеріне ауқымды ревизия жүргізуді тапсырған болатынмын. Салық органдарында сіздер адамардың «н» санын қысқартуларыңыз керек еді. Нақтырақ айтқанда, сіздер 600 адам туралы айтқан болатынсыздар. Енді сіздер қысқартудың орнына, оларды басқа бағыттарға ауыстыратындарыңды айтып жатсыздар. Бұл қаншалықты өзін ақтайды?», — деп сұрады Н. Назарбаев жұма күні кеңейтілген үкімет отырыснда қаржы министрлігінің басшысынан.
Б. Сұлтанов, шындығында да ведомство тарапынан тексерулерді 37,5 пайызға қысқартуға уәде берілгенін мойындады.
«Біз артығымен орындадық, салықтық әрі кедендік тексерулер 45 пайызға азайды. Жалпы бұл тексерушілер басқа бағытқа ауыстырылды. Себебі қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы ашылып жатыр, бұл жердегі кейбір бекеттер бойынша тәулік бойы бақылауға көштік. Сондықтан адамдардың бір бөлігін осында көшірдік. Бұдан бөлек, тексерушілердің негізгі бөлігін экспорттық бақылау бойынша мақсаттарды шешуге ауыстырудамыз. Бұл міндетті институционалды түрде бекітіп, жақын арада қайта құрылымдауымыз керек. Тексерушілер санын 600 адамға азайтып, оларды аталған бағыттарға ауыстырамыз», — деп мәлім етті министр.
Президент кедендік рәсімдеу бойынша қаржы министрлігі ұсынған көрсеткіштер «егер барлық басқа істер бойынша да қысқартылса» «жақсы болады» деп атап өтті.
«Орында. Мен саған екінші ескертуімді жасаймын. Үшіншісі соңғы болуы мүмкін. Жұмысыңды атқар. (…) Барлығын тәртіпке келтіру керек, барша Үкімет осымен айналысуы тиіс», — деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.