Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарының басталуына тура 1 күн қалды.
Яғни ертең Астана уақытымен 17:00-де байрақты бәсекенің ресми ашылу салтанаты өтеді. Оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Одан кейін отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстардың тікелей көрсетілімі де осы арнадан күнделікті беріліп отырады. Жарыс кестесімен «Хабар» және «Хабар 24» арналарының сайттарында таныса аласыздар.