Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі жалғызбасты зейнеткерлер үшін әлеуметтік үй тұрғызуды ұсынды | "Айғақ" ақпараттық порталы
0105

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі жалғызбасты зейнеткерлер үшін әлеуметтік үй тұрғызуды ұсынды

Сондай-ақ әкім зейнеткерлердің пәтерін коммуналдық меншікке беру керек деп есептейді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде тұратын жалғызбасты қарттарға арналған әлеуметтік үй тұрғызуды ұсынды. Әкімнің ұсынысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының отырысында айтылды. Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

«Бір-екі бөлмелі пәтерлерде жазғыз өздері тұратын зейнеткерлердің басын қосу керек. Олар әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлерден басқа ешкіммен араласпайды. Ал, көп пәтерлі үйде өздері сияқты қарт кісілермен әңгімелесіп, жалғызсырамайды. Қарттармен келісіп, оларды көп пәтерлі үйлерге орналастыру керек. Онда бірінші қабатта ас бөлме, кітапхана, дүкен, медициналық орталық және басқа адамдармен сөйлесе алатын орын болады», – деді әкім.

Сонымен бірге зейнеткерлердің пәтерлерін коммуналдық меншікке беру керек деп есептейді. «Егер осы бастаманы қолдайтын 50-60 ақтөбелік тұрғындар жиналса, онда билік бұл жобаны іске асыруға дайын», – деді облыс әкімі.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!