333

Елжан Біртанов: Сапасыз азық-түлік өнімдері үш есе азайған

Елімізде сапасыз өнімдер саны 2015 жылы 26%-ды құраса, 2017 жылы 10%-ға дейін азайған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz .

«Өнімдердің сараптамасы ұлттық аккредитация жүйесінде аккредиттелген қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, ұлттық сараптама орталығының лабораторияларында жасалады. Лабораторияның құрал-жабдықтары көпфункциялы, техникалық регламенттер көрсеткішін зерттеп қана қоймай, қоздыратын жұқпалы ауруларды, химиялық ластану мен токсиндерді анықтайды», — дейді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, министрлік жүргізіп отырған бақылау бойынша соңғы жылдары сапасыз өнімдер үш есе азайған.

«Бүгінде лабораториялық бақылау бойынша техникалық регламент көрсеткіштерінің (4 мыңға жуық) 90%-ын жауып отырған 199 эпидемиялық сараптама лабораториясында жүргізіледі. Жыл сайын техникалық регламентке сәйкестігін және қауіпсіздігін анықтау бойынша 34 500 сынама мен 500 мың зерттеу жүргізіледі. Ведомство бақылауында азық-түлік өндіру және саудамен айналысатын 32 000-нан астам кәсіпорын бар. Үш жыл қорытындысы бойынша регламентке сәйкес емес өнімдер саны азайып келеді. 2015 жылы 26%-дан 2017 жылы 10%-ға азайған. Осы саладағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты — азаматардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу, бұл созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алумен де байланысты», — деді Елжан Біртанов Үкімет отырысында.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!