Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы келді | "Айғақ" ақпараттық порталы
img-20180202-wa0022

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы келді

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың Өкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт бөліміне Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Намазбай Әбдіқұлов тағайындалды.

Намазбай Әбдіқұлов 1956 жылы туылған. Спорт шебері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Каратэдан 1-дан қара белбеудің иесі, республика бойынша әділқазылар алқасының төрағасы.

img-20180202-wa0024

Оның шәкірттері: Б. Төлеев — ХДСШ-і, Қазақстан Республикасының 5 дүркін, Орта Азияның чемпионы, М. Керішов — CLU-i, Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы чемпионы, «Босфор» кубогінің қола жүлдегері, Ш. Елеусінов — Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, С. Жақсығұлов — Еуразия чемпионатының күміс жүлдегері және тағы басқа.

img-20180202-wa0025

Еңбек жолын спорт мектебінен жаттықтырушы болып бастап, басшылыққа дейін көтерілген. № 8 қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры және жаңа қызметке дейін  Шымкент қалалық спорт бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарған.

img-20180202-wa0027

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!