photo_44472

Ресейде Головкиннің есімі бокстың құрмет залына енгізіледі

Головкиннің есімі Ресейдегі бокстың құрмет залына қосылды, — деп хабарлады Vesti.kz «Р-Спорт» порталына сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, Головкинмен қоса Феликс Савон мен Цзоу Шиминнің есімі де құрмет залына қосылатын боксшылардың қатарында бар.
«Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің есімі Мәскеудегі бокстың құрмет залына қосылды. Бұл туралы Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан Халықаралық бокс форумы барысында белгілі болды», — делінген жарияланымда.
Құрмет залына Головкинмен қатар Ресейден шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары Алексей Тищенко, Олег Саитов және Борис Лагутиндердің есімдері де қосылады. Сондай-ақ, құрмет залына қосылған боксшылардың қатарында панамалық даңқты боксшы Роберт Дюран, Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы кубалық Феликс Савон және Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы қытайлық Цзоу Шимин де бар. Бұған дейін Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлек Мәскеудегі бокстың құрмет залының құрылысы 2018 жылы басталатынын айтқан.
Айта кетейік, қазір Головкин Сочи қаласында Халықаралық бокс форумына қатысып жатыр. Форум 1-4 ақпан аралығында өтеді. Бұл жиында бірінші рет кәсіпқой бокстағы ең беделді WBA, WBC, WBO және IBF ұйымдарының басшылары жиналады. Сонымен қатар, бұл отырысқа Халықаралық әуесқойлар бокс қауымдастығы (AIBA) мүшелері қатысады. Головкин кәсіпқой бокстың атынан сөз сөйлейді. Одан бөлек бұл жиынға Бақтияр Артаев және Бақыт Сәрсекбаев секілді Олимпиадада топ жарған қазақ боксшылары шақырту алыпты. Сонымен қатар, бұл жиынға танымал промоутер Оскар Де Ла Хойя да келеді деп күтілуде. Бұл жиын барысында әр ұйымның промоутерлерінің де отырысы болады. Жиын барысында World Boxing Super Series (WBSS) жобасының жартылай финалдық кездесуі өтеді. Онда ресейлік Мурат Гассиев (25-0, 18 КО) пен кубалық Юниер Дортикос (22-0, 21 КО) кездеседі. «Большой» спорт кешенінде өтетін бұл кездесуде боксшымен IBF және WBA (Regular) белбеулеріне таласады. Айта кетейік, Гассиев пен Головкин соңғы жылдары Big Bear (Калифорния штаты, АҚШ) лагерінде танымал маман Абель Санчестің қол астында жаттығады.
Дереккөз:  Kaz.tengrinews.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!