Елбасы Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасын қабылдады | "Айғақ" ақпараттық порталы
9ce8af50c09fd94e906feb8d79ba3616

Елбасы Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот кеңесінің 2017 жылғы қызметі және Қазақстан судьяларының VII съезінде берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері жөнінде баяндады, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің сот төрелігінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатымен мамандарды іріктеу жөнінде атқарып жатқан жұмысына тоқталды.

– Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргізудеміз. Сот кадрларын іріктеуді әділетті жүргізу үшін біз дербес Жоғарғы Сот кеңесін құрдық. Ол тәуелсіз және ешкімге бағынбайды, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Ұлт жоспарының 17-қадамын іске асыру тұрғысынан судья лауазымына үміткерлерді іріктеу барысында меритократия қағидатын басшылыққа алу қажеттігіне назар аударды.

– Бұл кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға тиіс. Тек әділ шешім қабылдайтындарды тағайындау керек. Адамдар сонда ғана өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Анатолий Смолин Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарып жатқан қызметінің, соның ішінде Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін реформалау аясында құрылған тергеу соттарының құрамын қалыптастыру барысындағы қызметінің перспективті бағыттары жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!